АСТАНАДА ТМД ЕЛДЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ VII СЪЕЗІ ӨТУДЕ
05.10.2022
Павлодар педагогикалық университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Бауыржан Есенгелдин Астанада өтіп жатқан "Жаңа нақты жағдайда Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру және пандемиядан кейінгі кезеңдегі білім беру үдерісінің трансформациясы" тақырыбында мұғалімдер мен басқа да білім беру қызметкерлерінің VII съезіне қатысуда.
Іс-iараға Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Қазақстаннан делегаттар қатысуда.
Бес елден келген делегаттардың кездесуі барысында ТМД елдерінің білім беру саласындағы негізгі мақсаттары мен міндеттері айқындалып, олардың арасындағы байланысты нығайту жоспары әзірленеді. Олардың арасында ұстаздар мен тәрбиешілер де бар. ТМД елдері білім беру қызметкерлерінің VII съезінің пленарлық отырысына 1000-ға жуық мұғалім қатысады. Онда білім саласына қатысты түрлі мәселелер талқыланып, шешім қабылданатын болады.
Съезд аясында ІІ Педагогикалық шеберлік фестивалінің қорытынды кезеңі өтіп, байқаудың финалистері, яғни ТМД елдерінің мұғалімдері біздің елге келді. Олар сайыс сабақтарын көрсетеді. Мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары үш номинация бойынша өтеді: мұғалім, тәрбиеші және психолог/әлеуметтік педагог.
Сонымен бірге съезде мектепке дейінгі және орта білім беру, сондай-ақ оқу-әдістемелік кешен саласындағы цифрлық және баспа өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады. Қазақстандық кәсіпкерлер мен стартаптар оқу орындарында сабақ беру мен оқуды тиімді ұйымдастыратын ІТ-жобаларын таныстырады.
Съезд Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры қолдауымен өтуде.