Перейти к содержимому страницы.

АСТАНАДА АКАДЕМИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.01.2023

Margulan university ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Бауыржан Есенгелдин мен Педагогикалық зерттеулер орталығының директоры Алмагүл Асайынова Астана қаласындағы Ұлттық жоғары білімді дамыту орталығы ұйымдастырған «Қазақстандағы академиялық артықшылық: академиялық артықшылық орталықтарын құру жөніндегі бастама тұжырымдамасын талқылау» тақырыбында стратегиялық сессияға қатысты.

Astana IT University қабырғасында өткізілген іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы жобалық кеңсесінің өкілдері, 50-ден астам өңірлік жоғары оқу орындарының басшылары мен жоғары білім саласындағы сарапшылар қатысты.

Сессия барысында ЖОО-ларда Академиялық шеберлік орталықтарын құру бойынша бастамаларды жүзеге асырудың мақсаттары, міндеттері, стратегиясы мен тактикасы талқыланды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек академиялық артықшылық орталықтарын құрудың 5 принципін сақтау қажеттігін атап өтті: шынайылық, тұрақтылық, мүдделі тараптарды ескеру, қолданбалы ғылым, пайдалылық.

Стратегиялық сессияның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру саласындағы академиялық жетістіктердің жоғары параметрлеріне қол жеткізу бойынша нақты шаралар мен міндеттер, сондай-ақ орталықтарды дамытудың негізгі бағыттары туралы мүдделі тараптардың мүдделеріне негізделген меморандум дайындалады.