Перейти к содержимому страницы.

ЖАС МАМАНДАРДЫ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА БӨЛУ РӘСІМІ

01.06.2022

Биыл Павлодар педагогикалық университетін 700-ден астам түлек бітіріп, қолдарына диплом алып шығады. Оның 500-ге жуығы әкім грантымен, жергілікті атқарушы оргындардың грантымен және мемлекеттік грантпен оқығандар. Кеше жас мамандарды жаңа жұмыс орындарына бөлу рәсімі өтті. Оған облысқа қарасты барлық қала және аудандық білім беру бөлімдерінің және Назарбаев зияткерлік мектебі мен "Жас Дарын" мамандандырылған мектебінің өкілдері қатысып, өздеріндегі бос орындарға қажетті мамандарды таңдап алды.

ППУ практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Майра Байтанаеваның сөзінше, биыл мемлекеттік "Серпін" бағдарламасы бойынша келген 150-ге жуық студент диплом алады. Олардың дені осы өңірге тұрақтап, жұмыс істеуге ниетті дейді.

- Жыл сайын біздің университетті бітірген жас мамандардың 90 пайыздан астамы жұмысқа орналасып кетеді. Себебі, білім беру мекемелері арасында біздің түлектерге деген сұраныс жоғары. Бұл жоғары оқу орындар үшін ең маңызды көрсеткіш, - дейді Майра Аманғазықызы.