Перейти к содержимому страницы.

"АСПАЗДЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕК"

19.02.2021

Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен және ППУ студенттер кәсіподақ ұйымының қолдауымен №2 Студенттер үйінде университеттің жоғары мектептері арасында аспаздық жекпе-жек ұйымдастырылды. Әрбір жоғары мектептің: Педагогикалық жоғары мектебінің “Пловstars”, Жаратылыстану жоғары мектебінің "Джейми Оливер отдыхает", Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің "Мишлен жұлдыздары", Өнер және спорт жоғары мектебінің «Bonduelle» және № 1 Студенттер үйінің «Kitchen Queens» командалары палаудың түр-түрін басуда бақ сынасты.
plov
plov2
plov3
plov4
Әрбір командадан қатысқан 5 аспаздың мақсаты – тіл үйірер палау дайындау болды. Тіпті, қатысқан студенттер ішінде Шакарбану Тажибаева нағыз өзбекше палау дәмін таттырды. Күріші салынып, тұздығы түгелденген палауға піскен жұмыртқа, мейіз қосып безендірілді.
plov5
plov6
plov7
Ал “Пловstars” командасы күрішті ортаға шұжығымен қоса, жалындаған табақ үстінде әкелді.
plov8
plov9
Палаудың түр-түрін бағалауға бел байлаған дегустатор-әділқазыларға да оңай соқпады. Шешім әділ болсын деген мақсатта қатысушылар көздерін байлап, өздері әзірлеген палаулардан алма-кезек дәм татып, таңдау шығарды. Аспаздарды бағалауда, ең бірінші палаудың дәмділігі, сыртқы түрі, командалардың өздерін таныстыруы, қорғауы, тағамды қосымша серверлеу, аспазшылардың таққан фартуктері, бас қалпақтары түгел ескерілді. Байқау соңында қатысушылардың таңдауымен және әділқазылардың шешімімен Педагогикалық жоғары мектебінің “Пловstars” командасы жеңімпаз атанды. Байқаудың өзге де қатысушылары құралақан қайтпады. Жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, палаудан дәм татқызған шеберлер тәтті сыйлықтарға ие болды.
plov10
plov11
plov12
plov12