АСЕЛЬ МАНАП ҮНДІСТАНДА ӨТКЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
26.05.2025
Үндістан астанасы Дели қаласында ұлттық күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 15-тен астам елдің спортшылары қатысты.
Марғұлан университетінің ФКС-31 тобының студенті Асель Манап Қазақстан мен университетіміздің намысын абыроймен қорғап, кураш күресінен 3-орын, ал белбеу күресінен 2-орын иеленді.
Асельді осы жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған алдағы уақытта да толағай табыстар мен халықаралық додаларда жаңа жеңістер тілейміз!