Перейти к содержимому страницы.

АСА ҚАДІРЛІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ!

05.03.2021

Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Әйел-Ана – өмірдің өзі, бақыт пен берекенің көзі, нәзіктік пен көркемдіктің сәні, мейірімділік пен парасаттың мәні. Сондықтан да гүл көктемнің алғашқы мерекесі – әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысындай болып, жайма-шуақ күйге бөлейтін жарқын мейрам.

Құрметті әріптестер, әйелдер қауымы! Ордалы оқу орнымыздың көркейіп дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін, оқу, ғылым саласында, ұстаздық қызметтегі ерен еңбектеріңіз бен жетістіктеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. 

Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ-береке мен лайым тек жақсылық әкелсін! Сіздерге биылғы жылы да қуанышы мен қызығын ала келген төл мерекелеріңізді шат-шадымен көңіл күймен қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын деген тілегімді білдіремін.

Құрметпен, ППУ Басқарма төрағасы – ректор Жанбол Жилбаев 

 8 mart