Перейти к содержимому страницы.

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНДА ВЕНГРИЯ ҒАЛЫМДАРЫ

21.09.2023

Margulan University Археологиялық зерттеулер институтына Венгрия ғалымдары келді. Олар генетикалық зерттеулер, лингвистика, мәдениет салалары бойынша маманданған Ендре Немет және Балаж Яворский. Немет мырза - тәуелсіз зерттеуші, венгрлердің ежелгі тарихы туралы көптеген мақалалардың авторы. Делегациямен бірге тарих ғылымдарының докторы, «Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми Институты» ҒЗИ профессоры (Астана) Айболат Кушкумбаев келді.

Кездесуге археологиялық зерттеулер институтының қызметкерлері қатысты (Т. Н. Смагулов, Т.Н. Крупа, Е.К. Абеуова, Н.Е. Күзембаев). Олар Венгриядан келген әріптестерге ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарымен бөлісіп, алдағы жоспарлармен таныстырды. Кездесудің өзекті тақырыбы түркі мұрасын зерттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты талқылау болды.

- Венгр ғалымдары Қазақстанға бірінші рет келіп тұр екен. Бұл кездесу екі тараптың қарым-қатынасын нығайтуға үлкен мүмкіндік берді. Біз өзіміздің жұмыстарымызды көрсеттік, қонақтар да өздерінің бағыттарымен таныстырды. Венгрия ғалымдары кенетика бағыттары бойынша жұмыс істейді. Сондықтан, бұл біз үшін қызықты әрі пайдалы болды. Яғни, өзіміздің алдағы зерттеулерімізге өз көмегін тигізері анық, - деді Margulan Centre археологиялық орталығының қызметкері Еңлік Әбеуова.