Перейти к содержимому страницы.

АРТЕМ ГРАБЛЕВ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КЕҢЕСКЕ МҮШЕ БОЛДЫ

18.04.2025

Марғұлан университетінің студенті, спорт шебері, Еуразия және Европа чемпионы, Павлодар облысының ГТФ тхэквондо бойынша ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Артем Граблев Павлодар облысындағы есірткі құқық бұзушылықтарын профилактикалау жөніндегі кеңестің мүшесі болды. Сонымен қатар, ол Ақсу және Экибастуз қалаларында кеңестің жұмысын ұйымдастыруға жауапты болып тағайындалды.

«Бұл үлкен жауапкершілік әрі біздің жастарымыздың арасында спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау үшін нақты үлес қосу мүмкіндігі және еліміз бен туған өлкеміздің игілігі үшін бірлесіп жұмыс істейміз!», - дейді Артем.

Кеңестің құрамында медиа тұлғалар, танымал спортшылар мен осы саладағы сарапшылар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.