Перейти к содержимому страницы.

Арнайы жұмыс тобы университеттің дәстүрлі оқу форматына дайындығын тексерді

06.08.2021

Бүгін Павлодар педагогикалық университетіне ЖОО-ның дәстүрлі (оффлайн) оқу процесін ұйымдастыруға дайындығын бақылау мақсатында Павлодар облысы ҚСА төрайымы Ажар Аманжолова бастаған "Қазақстан студенттер Альянсы" Республикалық студенттер қозғалысының жұмыс тобы келді. Мониторинг барысында жұмыс тобы университеттің барлық оқу аудиторияларын, спорт кешендері мен студенттер үйлерінің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін тексерді. Сондай-ақ оқу корпустары мен студенттік жатақханаларда QR код белгісі мен "Ashyq" жүйесінің жұмысы тексерілді.

"Қазақстан студенттер Альянсы" Павлодар штабының көшбасшысы университеттің жаңа оқу жылының басына әзірлігін, барлық оқу корпустары мен жатақханалардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларына сәйкестігін атап өтті.

Мониторинг ҚР Білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасы бойынша жүргізілді. 

monitoring

monitoring2

monitoring3

 monitoring4

monitoring 5

monitoring 6

monitoring 7