Перейти к содержимому страницы.

ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЙДЫ

23.09.2022

Павлодар педагогикалық университеті педагогика ғылымдар жоғары мектебі мен дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия арасында тығыз әріптестік байланыс орнатылған. Осы ретте «ЖОО-мектеп» жобасы аясында «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу орталығы мен аталған гимназия арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында жоспарға толықтырулар енгізіліп, басым бағыттарды анықтады. Кездесуге гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Анар Кәрімова, Абай атындағы гимназия директоры Салтанат Қалиасқарова және жоғары мектеп оқытушылары қатысып, алдағы жұмыс жоспарын талқылады.

Келісім аясында оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, дебаттық қозғалыстар жұмысын жандандыру бойынша, педагог мамаңдығына оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында бірқатар мәселе талқыланып, пысықталды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының жетекшісі Майгүл Оразханова және филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әділбек Әмренов «Едіге батыр» және «Ер Тарғын» жыры бойынша әдебиет пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған ашық дәріс өткізді. Дәріске 50 оқушы қатысты.