АРИНА ИЛЬЯЩЕНКО – КОНЬКИМЕН СЫРҒАНАУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
04.12.2023
Италияның Коллалбо қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогы аяқталды. Ауқымды халықаралық жарыстарға 27 елден 230 мықты спортшы қатысты: Австрия, Австралия, Бельгия, Венгрия, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Корея, Латвия, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, АҚШ, Украина, Чехия, Финляндия, Швеция, Эстония, Жапония және т.б.
Конькимен жүгіруден жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасындағы жарыстың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша Марғұлан Университетінің М.Қанапиянов атындағы жоғары колледжінің студенті Арина Ильященко Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды! 1000 метр қашықтықта тек қана жеңімпаз атанған қазақстандық спортшы Инесса Шүмековаға ғана есе жіберді.
Ильященко Арина – Марғұлан Университетінің М.Қанапиянов атындағы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша ФКС-42(9) тобының студенті.
Арина конькимен жүгіруден спорт шебері. Бірнеше жылдан бері қысқы спорт түрлерінен халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын сәтті қорғап жүр.
Аринаны конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 1998 жылғы XVIII қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Людмила Вячеславовна Прокашева жаттықтырады.
Аринаны, оның жаттықтырушылары мен ұстаздарын осы жоғары жетістігімен құттықтаймыз және оған әлемдік спорт аренасында одан әрі спорттық жеңістер тілейміз!