«АРДАҚТАЙЫҚ САРЫАРҚАНЫҢ АСЫЛЫН»
18.04.2023
Марғұлан университетінің Е.Бекмаханов атандағы ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, әнші-композитор, акын, сазгер Естай Беркімбайұлының 155 жылдығына орай «Ардақтайық Сарыарқаның асылын» атты әдеби - сазды кеш өтті. Салтанатты жиынға ППУ ұстаздары мен студентері қатысты.
Кеш барысында Естай Беркімбаев туралы бейне баян көрсетіліп, кітапхананың оқырмандары Педагогика жоғары мектебінің студенттері Дильназ Жігерова, Әйгерім Қамзина Естайдын «Бір мысқал», «Біледі қазақ елі оның атын», «Жай қоңыр» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Оқырман қауымды жырмен тербеген жөні бөлек әдеби кеш жиналғандардың өлеңге деген шөлін бір қандырып, серпілткендей болды. Тәрбие және әлеуметтік жұмысы бойынша вице-деканы Серғазина Жұмабике: «Естай Беркімбаевтың әндерін жазып алып, жинақтауда көп еңбек сіңірген зерттеушілердің бірі – Б.Г.Ерзакович. Ол халық композиторының өз орындауындағы әндерін нотаға түсіріп, өміріне байланысты деректерді жазған еді»- деп атап өтті.
Естай атамызға арнап Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студентері Мағзұм Имантай және Бексұлтан Қайдаров өз өлендері оқыды. ППУ студентері Тоқтар Әубәкір, Ақбота Қуан, Диана Үсенова «Естай-Қорлан» поэмасынан үзіндіні оқыды. Кеш соңы «Естен кетпес ешқашан» атты кітап көрмесімен аяқталды.