АРДАГЕР ҰСТАЗ УНИВЕРСИТЕТКЕ КІТАП СЫЙЛАДЫ
23.01.2023
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық унивреситетінің ардагері, кезінде «Шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі болған Олжабай Жармакин өзінің жеке кітапханасында сақтағлан аса құнды кітаптарды университетке тапсырды. Яғни «Шет тілі: Екі шет тілдері» білім беру бағдарламасының ұстаздарына сыйға берді. Олар неміс тілі эциклопедиясы,неміс-орыс сөздігі, аса сирек кездесетін немісше синонимдер сөзідігі, немісше-орысша тұрақты сөз тіркестері кітаптары.
- Мен Павлодар педаогогикалық университетінің шет тілдері кафедрасында 30 жылға жуық жұмыс істедім. Осы уақыт аралығында көптеген шәкірт тәрбиелеп, олардың мықты маман, ұлағатты ұстаз болуына себеп болдық. Ал бүгінгі күні жасым 88-ге жақындаған шақта бұл кітаптардың маған керегі болмас деген ойға келдім. Сондықтан бұларды оқытушылар мен студенттер оқулық ретінде пайдалансын, - деді Олжабай аға.
Кітаптарды гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Анар Кәрімова қабылдап алып, ардагер ұстазға алғысын білдірді.
Жармакин Олжабай Қайкенұлы 1935 жылы 28 қаңтарда Павлодар облысы Куйбышев (қазіргі Ақтоғай) ауданында қазақтың қарапайым, еңбекқор отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын 1956 жылы өзі оқыған мектебінде неміс тілі пәнінің мұғалімі ретінде бастайды. 1964-1965 оқу жылдарда Павлодар педагогикалық институтына келіп, осында шет тілдер кафедрасы меңгерушісі қызметінде 28 жыл бойы еңбек етеді. Ардагер ұстаз осы жылдың 28 қаңтарында 88 жасқа толады.