АРАЙ БЕЙСЕМБАЕВАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГІ
21.11.2023
Марғұлан университеті педагогика жоғары мектебінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Арай Рахымжанова студенттерге «Өз өзіңді жан-жақты танып біл» тақырыбында психологиялқ тренинг өткізді. Тренингке жоғары оқу орнының 1-2 курс студенттері қатысты. Тренинг – командадағы ынтымақтастық, сыни ойлау, креативті ойлау, шешімдер қабылдау, мақсат қою, уақытты басқару, қажеттіліктерді анықтау, командаларды қалыптастыру тақырыптарында өтті.
Ұйымдастырушының айтуынша, мұндай тренингтердің мақсаты - студенттердің арасында сыйластық, кішіпейілділік, сенімділік деңгейін арттыру, достық қарым-қатынас орнату, бір-бірімен таныстыру, қарым-қанытасты нығайту.
-Бұл жаттығуларды орындау барысында топтағы жалпы жағдай жақсарады, топ мүшелері өздерін еркін сезінеді, қарым-қатынастағы алшақтық азая түседі, дұрыс сәлемдесуге, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және басқаларды тыңдай білуге үйренеді. Тренинг барысында студенттер ашылып,өздерін жақсы сезініп, өз пікірлерін ортаға сала білді, - деді Арай Рахымжанова.