Перейти к содержимому страницы.

АҚТАУ МҰҒАЛІМДЕРІ МЕН МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТ АРАСЫНДА ТЕЛЕМОСТ

31.10.2025

Марғұлан университетінің 4 курс студенттері Ақтау қаласындағы №30 мектептің мұғалімдерімен онлайн-кездесу өткізді. Телемосттың мақсаты — студенттерді нақты мектеп тәжірибесімен таныстыру, тәжірибе алмасу және болашақта мұғалім мамандығын таңдауға шабыт беру.

Кездесу барысында жас педагогтер кәсіби жолындағы алғашқы қадамдары, мектептегі қиындықтар мен қуаныштары туралы айтып берді. Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, тәжірибелік кеңестер алды. Сонымен қатар, қатысушылар «Жас маманның негізгі құзыреті» тақырыбына ерекше назар аударып, әркім қазіргі заманғы мұғалімде болуы тиіс қасиеттер туралы өз пікірін білдірді.

Айта кетейік, осындай кездесулер студенттерге нақты мектеп өмірін түсінуге және сенімді педагог болу үшін қандай дағдыларды дамыту керектігін сезінуге көмектеседі.

Іс-шара «Тәлім time» жобасының жетекшісі, Ақтау қаласы №30 мектептің зерттеуші-педагогі Нурсұлу Қаракулова, Марғұлан университетінің «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының жетекшісі Алия Жолдабаева және №3 гимназияның зерттеуші-педагогі Динара Ысқақова ұйымдастырды.

Телемост жылы және достық атмосферада өтті, барлық қатысушыларға мотивация мен болашақ кәсіби қызметке шабыт сыйлады. Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға белсенді қатысуы мен тәжірибе алмасқандары үшін алғыс айтамыз!