АҚ ЖОЛ, ТҮЛЕК – 2022!
13.07.2022
Бүгін Павлодар педагогикалық университетінің түлектері үшін ерекше күн болды. Университеттің барлық жоғары мектептерінде бакалавр және магистр дәредесі бойынша бітірген түлектерге доплом табыстау рәсімі салтанатты оүрде өтті. Бүгін бітірушілердің қуанышында шек жоқ, көңіл-күйлері де ерекше. «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылық орталығында өткен мерекелік шараға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова, Павлодар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректор Жанбол Жилбаев қатысып, жастарға ақ жол тіледі. Сондай-ақ, университет проректорлары, декандары және ата-аналар қауымы да түлектердің қуанышына ортақтасты. Биыл университетті 2500-ден астам түлек бітірді, оның 2290-ы бакалавр, 206-сы магистр. Университеттің 300-ге жуық түлегі үздік диплом алды.
Облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова университет ұжымын 60 жылдық мерейтойымен және көрнекті ғалым Әлкей Марғұлан есімінің берілуімен басшылық пен оқытушылар құрамын құттықтап, түлектерге сәттілік тіледі.
«Павлодар педагогикалық университеті соңғы он жылдықта еліміздің жетекші оқу орындар қатарынан көрініп келеді. Павлодар педуниверситеті дайындаған ұстаздардың арқасында өңірдің білім беру жүйесі де жақсарып, Қазақстан бойынша алдыңғы қатарға шықты. Оқушыларымыз халықаралық байқауларда, республикалық олимпиадаларда топ жарып жүр. Осындай сапалы әрі тынымсыз еңбектеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін. Құрметті түлектер, сіздер кәсіби қызметте дамуға және тамаша ұстаз болуға барлық мүмкіндіктер бар. Көрнекті ағартушы, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин: «Ұстаз болу – қызмет емес, Құдай берген мамандық» деген екен. Ендеше, ұстаздық жолыңызда сәттілік пен шабыт серік болсын!» – деді Айзада Амангелдіқызы. Құттықтау сөзінен кейін университеттің ең үздік түлектеріне дипломдар табыс етті.
Ректор Жанбол Жилбаев университет ұжымын, түлектер мен олардың ата-аналарын айтулы оқиғамен құттықтады. «Біз өз түлектерімізді мақтан тұтамыз: 60 жыл ішінде университет ұжымы 40 мыңнан астам маман дайындады. Олар еліміздің барлық аймақтарында және шетелдерде табысты еңбек етіп, ұстаз деген жоғары атақты абыроймен алып жүр. Бұл атақ Павлодар педагогикалық университетінің түлегі дипломында алтын әріптермен жазылған. Сіздердің дипломдарыңыз – университет беделінің нышаны, ұстаздарымыздың сапасының белгісі. Құрметті түлектер! Жаңашыл ұстаздардың, белгілі ғалымдардың еңбегін лайықты жалғастырып, Тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденуіне зор үлес қосатындарыңызға сенемін. Сіздерге шын жүректен , кәсіби қызметіңізге сәттілік тілеймін. Ақ жол!» – деді Жанбол Октябрьұлы.
Салтанатты кеш барысында әншілер әннен, көркемөнерпаздар биден шашу шашып, кештің шырайын кіргізді.