АНДРЮЩЕНКО ОЛЬГА КОНСТАНТИНОВНА ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ПРОРЕКТОРЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19.01.2022
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бұйрығымен Андрющенко Ольга Константиновна Павлодар педагогикалық университетінің Басқарма мүшесі-проректоры лауазымына тағайындалды.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Ольга Константиновна Андрющенко еңбек жолын 2006 жылы орыс тілі және әдебиеті кафедрасында оқытушы болып бастаған. 2005 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша үздік бітірген.
2014 жылдан 2019 жылға дейін орыс тілі мен әдебиеті кафедрасын басқарды. 2019 жылдан бастап, 2019 жылдан бастап гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Ал, 2021 жылдың 2-ші желтоқсанынан бастап академиялық жұмыстар жөніндегі проректордың міндетін атқарды.
200-ден астам ғылыми жарияланымы, 4 оқу-әдістемелік құралы, 5 монографиясы бар. 2016 жылы ғылыми-педагогикалық қызметтегі сіңірген еңбегі үшін Андрющенко О.К. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2016» атағының иегері атанды. Сонымен қатар, 2016 жылы Ольга Константиновна М.О. Әуезов жас ғалымдарға гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмыстары үшін 2013 және 2017 жылдары Андрющенко О.К. дарынды жас ғалым ретінде мемлекеттік ғылыми стипендияға ие болды.
Жаңа проректорды ұжымға таныстырған басқарма төрағасы, ректор Жанбол Жылбаев Ольга Константиновнаның белсенді жұмысын жоғары бағалап, алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.