ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ СТУДЕНТ?
10.02.2021
15-31 қаңтар аралығында 1 курс студенттері ППУ Студенттер үйіне орналасқан болатын. Студенттердің тұрғын орнын және тұрмыстық жағдайларын бақылау мақсатымен педагогика жоғары мектебінің деканы Қ.М.Текжанов деканның тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Серғазинамен бірге №2 Студенттер үйінде болды. Кездесу барысында жоғары мектеп деканы бірінші курс студенттерінің тұрмыстық жағдайларымен танысып, басқа аймақтардан келген студенттермен жеке көңіл бөліп әңгімелесті.
Педагогика жоғары мектебінде республиканың өзге аймақтарынан келген 11 студент оқиды. Олар Алматы, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген. Студенттер оларды қалай қарсы алғанына, жатақханадағы тұрмыстық жағдайлары мен университет басшылығына ризашылықтарын білдірді. Педагогика жоғары мектебінің деканы Қайрат Мұхамедхафизұлы студенттерге озат оқып, білім алуға ұмтылуға, бос уақытта спортпен шұғылданып, университет пен жастардың қоғамдық өміріне белсенді араласуға шақырды.