АЛТЫНБЕК НУХҰЛЫ «ҚАНЫШ СӘТБАЕВ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
23.10.2026
Республика күні қарсаңында Марғұлан университетінің Басқарма Төрағасы – ректоры Алтынбек Нухұлы «Қаныш Сәтбаев» атындағы медальмен марапатталды. Марапатты Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады.
Алтынбек Нухұлы үшін академик Қаныш Сәтбаев – аса көрнекті ғалым, туған топырағы Баянауылдың ғана емес, бүкіл Қазақ Елінің мақтанышы. Ол 40 жылдан астам уақыт бойы ғұлама академиктің өмірі мен қызметін зерттеп, есімін ұлықтауға, ғылыми мұрасын кеңінен насихаттауға зор үлес қосып келеді.
Бұл бағыттағы жұмыстың нақты нәтижелері көп. Астанада Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші бой көтерді. Оның тұжырымдамасын әзірлеп, монументалды кешеннің авторларының бірі болған – Алтынбек Нухұлы. Сондай-ақ Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын Республикалық деңгейде аталып өтуіне бастама көтеріп, 10 томдық шығармалар жинағы, «Қаныш» атты бес томдық академиялық басылымды, ғұлама туралы естеліктер жинағы және оның өмірі мен ғылымға қосқан орасан зор үлесін баяндайтын өзге де кітаптарды дайындап, жарық көруінде басшылық жасады.
Жалпы, «Қаныш Сәтбаев Халықаралық қорының» қамқоршылар кеңесінің төрағасы ретінде Алтынбек Нухұлы ғұламаның өмірі мен ғылыми мұрасына арналған 30-дан астам кітапты басып шығаруда аянбай атсалысты. Жаңа басылымдар Қазақстан Республикасы Парламентінің кітапханасына және 20 өңірдегі Республикалық және облыстық кітапханаларға табысталды. Бұл еңбектер мен зерттеу материалдарының ғалымдарға, депутаттарға және қалың оқырманға қолжетімді болуына мүмкіндік берді.
«Қаныш Сәтбаев» атындағы ведомствовалық медаль – Ұлт мақтанышының есімін ұлықтап, ғылыми мұрасын сақтауға және кеңінен насихаттауға бағытталған көпжылдық еңбектің лайықты бағасы.
Алтынбек Нухұлын мерейлі марапатымен құттықтаймыз! Ғылым мен ұлттық мұраны дәріптеу жолындағы еңбегіне толағай табыс тілейміз!




