Перейти к содержимому страницы.

АЛМАТЫДА УНИВЕРСИТЕТ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20.01.2023

Бүгін Алматыдағы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде «Университет ғылымының дамуы қазақстанның инновациялық дамуының қажетті алғышарты» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Айтулы ғылыми шараға Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаев және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Бауыржан Есенгелдин қатысуда.

Алдымен қонақтарға ғылыми-инновациялық жобалар көрмесі ұсынылды. Онда наноматериалдар негізіндегі датчиктер, Энергияны үнемдейтін шамдар, Физика бойынша бағдарламалық пакет , Композиттік материалдар , COVID-19 вирустарын жоюға арналған жеке портативті құрылғы, Арнайы мақсаттарға арналған полиэфирлі шайырлардың тәжірибелік өндірісін құру сынды ғыылми жетістіктер көрсетілді.

Конференцияның модераторы - Әл-Фараби ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы-Ректор Жансейіт Түймебаев. Пленарлық отырысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашты. Сонымен қатар, еліміздегі бірқатар жоғары оқу орнының ректорлары мен доктор, профессорлары сөз сөйлеп, тақырыпқа сәйкес баяндамалар жасады.

Бағыттар бойынша баяндамалар төмендегі тақырыптарға арналды: 1 білім алушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, 2 ғылыми-технологиялық дамуды қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық базасы, 3 инновациялық университет экожүйесі: технопарктер, зерттеу хабтар, инжинирингтік орталықтар және бизнес-инкубаторларды іске асырудың табысты кейстері. Одан бөлек жоғары ЖЖОКБҰ проректорларымен университет ғылымын дамыту мәселелері бойынша семинарөте жөспарланған.