ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
11.04.2025
Павлодарда "Жеңімпаз" теннис орталығында ұлы ғалым, академик, археолог Әлкей Марғұланның құрметіне арналған дәстүрлі үстел теннисі турнирі өтті.
Сайысқа Қазақстанның жеті жоғары оқу орнынан 42 студент қатысты. Турнир нағыз спорт мерекесіне айналып, жас спортшыларды бір алаңда тоғыстырды.
Командалық есептегі нәтижелер:
Ұлдар арасында:
1 орын — Марғұлан университетінің командасы
2 орын — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
3 орын — Семей қаласының медициналық университеті
Қыздар арасында:
1 орын — Shakarim University
2 орын — Margulan University
3 орын — Toraighyrov University
Жеке біріншілікте:
Ұлдар арасында:
1 орын — Амангелді Амир (Margulan University)
2 орын — Шакар Ерасыл (Л. Н. Гумилев атындағы ЕНУ)
3 орын — Инырбаев Алишер (Margulan University)
Қыздар арасында:
1 орын — Дарханқызы Алуа
2 орын — Ерғали Арайлым (Shakarim University)
3 орын — Ержанқызы Алтынай (Л. Н. Гумилев атындағы ЕНУ)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар, дипломдар және ақшалай сертификаттарымен марапатталды. Қатысушыларды дайындаған жаттықтырушылар мен жарыстың төрешілеріне алғыс хаттар табыс етілді.