ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН КУБОГІ
10.04.2025
Бүгін Әлкей Марғұланның кубогіне арналған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы үстел тенисінен ашық турнирі ресми түрде ашық деп жарияланды.
Турнирдің ашылуына қатысқан Марғұлан университетінің Басқарма Төрағасы - Ректор Ержан Әмірбекұлы жас спортшыларға үстел тенисінің денсаулыққа маңыздылығын атап өтіп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирді “Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті” және “Павлодар облысының үстел теннисі федерациясы” бірлесе өткізуде. Дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан турнирдің ұйымдастырушылары Марғұлан университеті “Спорт клубы”,“Кәсіподақ ұйымы” және “Жастар саясаты” департаменті.
Жарысқа қатысуға ниет білдірген командалар қатарында:
- Л. Гумилев атындағы ЕҰУ;
- Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ;
- Семей медициналық университеті;
- Шәкәрім атындағы СМУ;
- С. Торайғыров атындағы ПМУ;
- Инновациялық Еуразиялық университеті;
- Ә. Марұлан атындағы ППУ.
Жалпы жарысқа 42 спортшы тартылады (21 ұлдар және 21 қыздар)
Барлық қатысушыларға сәттілік серік болсын!