ӘЛЕМ КУБОГЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
11.09.2023
Италияның Валь-ди-Фьемме (Италия) аңғарында шаңғымен сырғанаудан Әлем Кубогының финалдық кезеңі өтті. Жарысқа әлемнің 16 елінен барған спортшылар бәсекеге түсті. Байрақты бәсекенің финалдық кезеңінде Марғұлан университетінің студенті Елизавета Толмачева бақ сынап, жүлделі үшінші орынға ие болды.
Ол жарысқа Қазақстан республикасының жастар құрамасының қатарында барып, өнер көрсетті. Сонымен жаппай стартта еркін жүріспен 7-ші орынға ие болса , суперспринтте 9 орын болып аяқтады. Ал жасөспірімдер арасындағы шаңғымен сырғанаудан Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды.
Щучинск (Қазақстан), Мадона ( Латвия) және Валь - ди - Фьемме ( Италия) қалаларында өткен үш кезеңнің қорытындысы бойынша жасөспірімдер тобының жалпы есебінде Елизавета Толмачева үшінші орынды иеленді.