АКРЕДИТАЦИЯҒА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША БАСҚАРМА ОТЫРЫСЫ
26.01.2022
Павлодар педагогикалық университетінде ZOOM-конференция режимінде ректор Жанбол Жилбаевтың төрағалығымен университетті аккредиттеу мәселелері бойынша алқа отырысы өтті. Жиынға басқарма мүшелері, жоғары оқу орынның, М.Қанапьянов атындағы жоғары колледжінің, жауапты бөлім басшылары қатысты.
Басқарма мүшесі, оқу ісі жөніндегі проректор Андрющенко О.К. өз баяндамасында білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша дайындық жұмыстарының барысы туралы айтты.
АРТА және БСҚТА ұлттық рейтингісіне дайындық бойынша жоғары мектептерінің декандары, оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ахметова Л.Н. сөз сөйледі.
Кеңес мүшесі – тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың м.а. Б.Құдайбергенұлы жиналғандарды Студенттер үйіндегі тәрбие жұмыстары мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету жоспарларымен таныстырды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Басқарма төрағасы Ж.О.Жилбаев алқа мүшелері мен жоғары оқу мектептерінің декандарына ғылыми және стартап жобаларды әзірлеу бойынша жұмысты күшейтуді, бағалау критерийлері мен сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, ББ рейтингінде білім беру бағдарламаларының санын көбейтуді тапсырды.
Ректор Жанбол Жилбаев болашақ мамандарды даярлау үшін материалдық-техникалық жағдай жасауға, университеттегі тәрбие және идеологиялық жұмыстарды жақсартуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті.
Барлық жоғары оқу орындарының декандары студенттермен оқу-тәрбие жұмысын жандандырып, сабаққа қатысу мәселелеріне көбірек уақыт бөлуі, үйірмелердің, секциялардың жұмысын, студенттердің қызығушылықтарын ескере отырып, олардың бос уақытын ұйымдастыруы қажет.