АКАДЕМИК ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ТУРАЛЫ АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
01.02.2023
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» білім беру бағдарламасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Қинаятұлы Қанафиннің Павлодар қаласының Технологиялық колледжінің студенттерімен кездесуі өтті.
Жиын біздің жерлесіміз, ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналды.
Іс-шара барысында Қанат Қинаятұлы қазақ геологиясының негізін қалаушысының ерен еңбегі мен жетістіктері туралы, оның Қазақстанға ғана емес, әлемдік ғылымға қосқан үлесіне де тоқталды.
Ғалым өз дәрісінде академик Қаныш Сәтбаевтың арқасында елімізде аграрлық басқару әдісінен инновациялық-технологиялық дамуға қуатты серпіліс жасалғанын атап өтті. Сонымен қатар студенттер Қ.И. Сәтбаев Қазақстан Магниткасы атанған Орталық және Шығыс Қазақстанда Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның майданға көмек көрсетуге қосқан үлесі туралы көптеген мағлұмат алды.
Дәріс соңында қазіргі геологияның, ғылым мен білімнің мәселелері талқыланды. Оқытушы колледж студенттерін оқуын аяқтаған соң сапалы білім алып, қазақ ғалымдарының дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік беретін Марғұлан университетіне түсуге шақырды.
Студенттер лекторға алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулер әлі де жалғасын табатынына сенім білдірді.
Дәріс соңында қазіргі геологияның, ғылым мен білімнің мәселелері талқыланды. Ғалым колледж студенттерін оқуын аяқтаған соң сапалы білім алып, қазақ ғалымдарының дәстүрін жалғастыру үшін Margulan university-не түсуге шақырды.
Студенттер дәріс берушіге алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулер әлі де жалғасын табатынына сенім білдірді.