Перейти к содержимому страницы.

АКАДЕМИК Ә.Х. МАРҒҰЛАННЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ — ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТТА

02.06.2025

2025 жылдың 2 маусымында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің "Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасында" «Академик Ә. Х. Марғұлан еңбектерінің цифрлық кітапханасы» электронды кітапханасының тұсаукесері өтті!

Жоба «Академик Ә. Х. Марғұланның еңбектеріндегі Сарыарқа мәдениеті және тарихы» тақырыбы аясында жүзеге асты.

Ғылыми жетекші — т.ғ.к. Н.Е. Кузембаев, зерттеу тобының мүшелері — А.С. Сұлтанов және Ж. К. Ілияс.

Іс-шараға С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана және Торайғыров университетінің қызметкерлері қатысты.

Электронды кітапханаға академиктің Алматы, Павлодар және Қарағанды қалаларының кітапхана қорынан табылған құнды әрі сирек кездесетін еңбектері енгізілді.

Ғылыми басылымдар жинағы университет студенттері мен мектеп оқушыларына арналған.