Перейти к содержимому страницы.

Академик Әбікен Бектұровтың 120 жылдығына арналған іс-шара

10.12.2021

Павлодар педагогикалық университетінің Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасы Жаратылыстану жоғары мектебінің "Химия" ББ бірлесе отырып, химик, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері Әбікен Бектұрұлы Бектұровтың туғанына 120 жыл толуына орай іс-шара өткізді.

Іс-шара Әбікен Бектұровтың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы бейнефильмнің көрсетілімімен ашылды. Студенттер Қазақстанның химия ғылымының ғалымы және ұйымдастырушысы өмірінің қызықты беттерімен танысты. Химия магистрі Светлана Музыка ғалымның Химия, фосфор және оның қосылыстары технологиясы саласындағы жаңалықтары, Қаратау фосфориттері мен басқа да кен орындарының мәселелеріне байланысты монографиялары, өнертабыстары туралы қызықты деректерді айтып берді. Сонымен қатар студенттерді "Ғалым органик Бектұров" зияткерлік викторинасы қызықтырды, онда ғалымның өмірбаяны, жаңалықтары, оның жан-жақты ғылыми қызығушылықтары туралы сұрақтар қойылды. Интерактивті сайысқа ХШ, ХБ – 31 топтарының студенттері қатысты. Викторинаны Жаратылыстану жоғары мектебінің "Химия" ББ магистрі М.Баймұрат және ҒБ ҰББ Төлебаева Г. М. кірген Конкурстық комиссия бағалады. Байқаудың қорытындысы бойынша ХШ-З1 Болат А., Мейрам А., Айтехованың командалары үздік боп шықты. "Химия-биология " мамандығы ХБ-З1 гр студенті Айгерім Алшынбай танылды ең белсенді қатысушы болып.

Іс-шараға ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар, мерзімді басылымдар қойылған "Аңызға айналған академик" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында студенттер өзінің көрнекті жерлесі Әбікен Бектұров туралы, жан-жақты ғалым ретінде, оның химия саласындағы ғана емес, басқа да ғылымдар саласындағы жетістіктері туралы көп нәрсе білді. Әбікен Бектұрұлы Қазақстандағы химия ғылымы мен химиялық білім берудің талантты ұйымдастырушысы, жалпы және бейорганикалық химияның негізін қалаушылардың бірі, химия және фосфор мен оның қосылыстары технологиясы саласында танымал ғалым болды.

Жас ұрпақ үшін академик Әбікен Бектұровтың өмірі мен қызметі – ғылым мен қоғам мұраттарына қалтқысыз қызмет етудің үлгісі.