Перейти к содержимому страницы.

АКАДЕМИК БАЗАРБЕКОВ КАБИНЕТІ ПАВЛОДАРСКОЕ МЕКТЕБІНДЕ АШЫЛДЫ

21.11.2025

Бүгін, 2025 жылдың 20 қарашасында Павлодарское ауылындағы №40 жалпы орта білім беретін мектепте биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қайырбай Уразамбекұлы Базарбеков (1940–2022) атындағы кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.

Бұл маңызды шараға ғалымның отбасы, Марғұлан университетінің өкілдері және мектеп ұжымы қатысты.

Салтанатты жиында Базарбековтің жұбайы Лилия Гизатулаевна, ұлы Решат Қайырбайұлы, Марғұлан университетінің делегациясы - Жаратылыстану жоғары мектебінің деканы Убайдулаева Н.А., «Биология» білім беру бағдарламасының жетекшісі Тулиндинова Г.К., профессор Габдулхаева Б.Б., қауымдастырылған профессор Габдуллин Е.С., сондай-ақ К.У. Базарбековтің шәкірттері мен туыстары болды.

Базарбеков Қ.У. – Қазақстан ағарту ісінің үздігі, КСРО Жоғары мектебінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері. 2015 жылы «Құрмет» орденімен, 2017 жылы А. Байтұрсынов атындағы күміс медальмен және басқа да көптеген марапаттармен марапатталған. Оның көптеген шәкірттері ұстазының ісін жалғастырып, Марғұлан унивеситетінің және басқа да жоғары оқу орындарында оқытушы болды. Ал факультеттің шамамен 20-ға жуық түлегі паразитология саласын қоса алғанда, кандидаттық диссертация қорғады. Түлектердің көпшілігі білім беру ұйымдарының басшылары атанды.

Марғұлан университетінің атынан мектеп директоры Мәуленқұлов Қожакелді Аманкелдіұлына, биология пәні мұғалімі Қарпбаева Толқын Темиртасқызына,
және мектеп ұжымына көрсеткен қолдауы мен ғалымның мұрасын құрметтеудегі еңбектері үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.

Ұлы ұстаз бен ғалымның еңбегі оның шәкірттері мен мұрагерлерінің жүрегінде мәңгі сақталады.