Айдың үздік қызметкері
22.06.2021
Өнер және спорт жоғары мектебінің менеджері Исагулова Алия Киндябаевна тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың м.а. О.К.Андрющенко төрағалығымен өткен конкурстық комиссияның шешімімен 2021 жылдың мамыр айында үздік қызметкер болып танылды.
"Айдың үздік қызметкері" конкурсы қызметкерлердің жұмысын мадақтау, жұмысқа деген ынтасын көтермелеу мақсатында айына бір рет өткізіледі. Айдың үздік қызметкері белгіленген критерийлерге сәйкес университеттің әр құрылымдық бөлімшесінің үміткерлері арасынан қызметкердің еңбек жетістіктері, орындаушылық және жауапкершілік тәртібі, қоғамдық, шығармашылық және спорттық өмірге қатысу деңгейі бойынша анықталады.
Исагулова Алия Киндябаевнаны шын жүректен құттықтаймыз!