Айдың үздік қызметкері
12.07.2021
Қызметкерлерді ынталандыру, құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің жауапкершілігі мен орындаушылық тәртібін арттыру мақсатында университетте маусым айындағы "айдың үздік қызметкері" байқауы өткізілді. Барлық үміткерлердің құжаттарын жинап, талдағаннан кейін, қызметкерлердің еңбек қызметі мен еңбек тәртібін белгіленген критерийлерге сәйкес бағалау, сондай-ақ қызметкердің функционалдық міндеттерін орындау кезіндегі жетістіктерін есепке алғаннан кейін жеңімпаз анықталды.
Конкурстық комиссия тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың м. а. О.К. Андрющенконың төрағалық етуімен, конкурсанттың өтілін, орындаушылық және еңбек тәртібін, қоғамдық қызметті ескере отырып, бір ауыздан айдың үздік қызметкері болып оқу-әдістемелік бөлімінің әдіскері Даметкен Кайруловна Абдрахманова таңдалып алынды. Бүгін Дәметкен Абдахмановаға құттықтау грамотасы табыс етілді.
Әріптесімізді құттықтай отырып, жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!