АЙДЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ
11.12.2020
Университет қабырғасында қызметкерлердің ынтасын көтермелеу, жауапкершілік және орындаушылық тәртіп деңгейін арттыру мақсатында қараша айында «Айдың үздік қызметкері» байқауы жарияланған болатын.
Байқауға өз бөлім саласында үздік болып табылатын 3 қызметкер қатысты. Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор С.В.Мурзакуловтың төрағалығымен өткен конкурстық комиссия қатысушылардың материалдарын мұқият зерттеп, жеңімпазды анықтады. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі департамент директоры Кусманова Мадина Шалқарқызы байқау қорытындысы бойынша айдың үздік қызметкері атанды. Айта кетсек, байқау жеңімпазы айлық еңбекақысының (оклад) 20% көлемінде бір реттік сыйақы алады.