Перейти к содержимому страницы.

АДЛЕН - ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ!

21.09.2023

Өзбекстанның Хива қаласында гір тасын көтеруден әлем чемпионаты өтіп, оған 25 елден 650 спортшы қатысты.

Жарысқа Марғұлан университеті өнер және спорт жоғары мектебінің ДШжС-23 тобының студенті Адлен Сәкенов Қазақстан құрама командасы сапында қатысты. Ол 68 келі салмақта күш сынасып, екінші орынды жеңіп алды.

Адлен Сәкенов жұлқа көтеруде 24 келі салмақтағы гір тасын 10 минут ішінде 193 рет көтерген. Жарыс нәтижесінде спртшымыз гір көтеруден әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды!

Бапкер Нұржан Жұмажанның айтуынша, әлем чемпионы атану үшін Адленге аз ғана ұпай жетпей қалған.
«Адлен небәрі 18 жаста. Бала кезінен спортпен шұғылданады. Ол өте табанды, оның жеңіске деген ерік-жігері зор болды. Жастығына қарамастан үлкен нәтижелерге жетіп үлгерді», – дейді Нұржан Жұмажан.

Адлен Сәкенов Абай облысы, Курчатов қаласында туған. Мектеп қабырғасынан бастап түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарда аудан, облыс, республика намысын қорғап жүр. Биылғы жылдың мамыр айында Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкекте өткен гір көтеруден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.