Перейти к содержимому страницы.

ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР: ШЕТ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР

02.02.2026

2026 жылғы 30 қаңтарда шет тілдері бойынша білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары үшін «Using Artificial Intelligence Tools to Teach English» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.

Іс-шараның спикері Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 мектеп-гимназиясының тәжірибелі мұғалімі, сондай-ақ «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының қосалқы оқытушысы Динара Серікқызы болды.

Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллект құралдарын ағылшын тілі сабақтарында қолдану жолдарымен танысты. Атап айтқанда, ЖИ көмегімен оқу материалдарын әзірлеу, білімді тексеруге арналған цифрлық құралдар және мектеп пен жоғары оқу орнында нейрожелілермен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері қарастырылды.

Семинардың практикалық бөлімі ерекше қызығушылық тудырды. Динара Серікқызы VR-көзілдіріктерді таныстырып, виртуалды шынайылықтың ағылшын тілі сабақтарында тілдік ортаға ену әсерін қалай қалыптастыратынын көрсетті.

Семинарға университет оқытушылары, №11 тірек мектебінің ағылшын тілі мұғалімдері және МАяМ-12 тобының магистранттары қатысты.

Семинардың практикалық-бағдарлы сипаты қатысушыларға заманауи білім беру үдерісіне цифрлық шешімдерді енгізу бойынша кейстерді жан-жақты талдауға мүмкіндік беріп, біліктілікті арттыруға және мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.