Перейти к содержимому страницы.

«ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ – АДАЛ АЗАМАТ» ОНЛАЙН СЕМИНАРЫ ӨТТІ

30.10.2024

Еліміздің барлық жоғары оқу орындарында студенттерге арналған “Әділетті қоғам - адал азамат” онлайн семинар-тренингі басталды. Семинарға Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің белсенді студенттері де қатысып, аталған тақырыпта өз ойларын білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

Семинар тренинг Қазақстан Республикасы Президент орталығының ұйымдастыруымен, жоғары оқу орындардың қолдауымен өтіп жатыр. Семинар барысында орталықтың ғылыми қызметкері Нәзира Мусина, аға сарапшысы Күнзия Үмбетова дәріс оқыды. Дәріс “Әділеттілік: тұжырымдамалық қағидаттар”, “Қазақстандық қоғамның социомәдени идеялдары”, “Жаңа құндылықтарды қалыптастыру мәселелері” тақырыптары бойынша өтті.
Семинардың басты мақсаты - студенттерге жаңа Қазақстанның өзекті мәселелерін насихаттау, ел жастарының патриоттық сезімін арттыру және әлеуметтік-азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.