Перейти к содержимому страницы.

Қаңтар айының 11-ші жұлдызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады

11.01.2022

Ақордадағы ресми жиын басы Үкіметтің жаңа басшысын таныстырудан басталды. Бұл лауазымға Әлихан Смайылов лайық деп танылып отыр.

Павлодар педагогикалық университетінің ұжымы Президент жолдауын тыңдады. Бұл жолдаудың мемлекет үшін маңыздылығы жоғары екендігі сөзсіз. Әсіресе, азіргі уақытта басшы бастамасын қолдау аса маңызды.

Тарқатып айтайық, бірнеше бағытқа бөлінген бұл жолғы жолдау елдің тыныштығын қадағалауға бағытталған. Әсіресе, құқық қорғау саласына басымдық беріліп отыр. Себебі, бейбіт митингтің соңы лаңкестік топтардың шабуылына ұласып, айтарлықтай шығын келген еді. Тіпті, бейбіт күнде кеудесін оққа тосып, жер жастанғандар да жоқ емес. Ел Президенті өз жолдауында қаза тапқан азаматтардың отбасына көмек көрсетіп, қираған мүліктерді жақын арада қалыпқа келтіру керектігі жөнінде тапсырма берді.

Бұдан бөлек, әлеуметтік-экономикалық, инженерлік-инфрақұрылымдық салалар да назардан тыс қалмады. Үкіметтің жаңа басшысына бағаны тұрақтандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Енді мемлекеттік қызметке орналасар алдында кез-келген азамат қатаң сыннан өтеді. Себебі, мемлекеттік қызметкерлер ашық жұмыс жасауы керек,- деді Президент. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізбек.

Жолдауда білім саласына да қолдау көп. Үздік ұстаздарды ұлықтау мақсатында жаңа жоба жасау керектігін тапсырды.

Жалпы, 2022 жылдың алғашқы жолдауы хплықтың әл-ауқатын жақсартып, түйткілді түйіндерді шешуге бағытталғаны белгілі. Мұны Қасым-Жомарт Кемелұлы айқындап айтты. Тек, халық тарапынан қолдау тапқаны маңызды.