«АДАЛ АЗАМАТ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ СТУДЕНТТІК БАСТАМАЛАР
10.11.2025
Марғұлан университетінде барша қауымды «Адал азамат» бағдарламасының шеңберінде шығармашылық бастамалар арқылы азаматтық құндылықтар мен этикалық бағдарларды қалыптастыру маңызды идеясының төңірегіне біріктірген ерекше іс-шара өтті.
«Адал азамат» мемлекеттік бағдарламасы – адалдық, еңбекқорлық және әділдік ұғымдарын абстрактылы түсінік ретінде емес, күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі ретінде қабылдайтын жаңа ұрпақ тәрбиесінің негізі.
Абай Құнанбайұлының «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге…» деген ұлағатты сөзі қатысушыларға шабыт берді.
Бағдарлама «Сыныпты басқару» пәнінің оқу үдерісіне кіріктіріліп, студенттер теориялық біліммен ғана шектелмей, практикалық жобаларда әзірледі. Әрбір жоба студенттердің бағдарламаның негізгі құндылықтарын насихаттауға қосқан жеке үлесін көрсетті. Ұсынылған жұмыстардың ішінде интерактивті платформалар, әдістемелік құралдар, квесттер, бейнекурстар, комикстер және үстел ойындары бар. Ұсынылған жобалар:
- С. Ермекова, М. Иманмаликова және Д. Абишеваның Instagram-парақшасы мен «Адал Азамат» гимні жастарға бағдарламаның құндылықтары туралы ақпарат алуға және контентпен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін цифрлық алаң ұсынады. Гимн жобаны эмоционалды тұрғыдан толықтырады.
- Д. Семишкуров, Д. Панченко мен Н. Оспанованың тест-сауалнамасы және «Сіз қаншалықты Адал Азаматсыз?» плакаты өз құндылықтарыңды бағалауға және өзіндік рефлексия жасауға мүмкіндік береді.
- А. Жанайдарова, Г. Иманмагзамова, А. Зейнолла мен А. Шарапиденовтың университет студенттеріне арналған «Адал азамат» бейнекурсы әр құндылыққа арналған бейне мен практикалық тапсырмалардан тұратын қысқа модульдерді қамтиды. Мұндай формат студенттерге ыңғайлы әрі тиімді оқу мүмкіндігін береді.
- Т. Дукаев, Е. Нуркайдар, Ә. Құдайберген мен Е. Боярскийдің «Адал Азамат» бейне-комикстері бағдарламаның негізі идеяларын ашық және қолжетімді анимациялық роликтер форматында шығармашылық түрде түсіндіреді. Мұндай тәсіл жастарды тарту үшін ерекше тиімді.
- В. Рябицкий, А. Ахмедия, А. Джумалинова мен А. Дуйсеннің онлайн-платформасы студенттерді бағдарламаны интерактивті түрде меңгеруге тартады.
- Д. Алимбаев, К. Ашенов, Д. Актановтың «ADAL WEEK» – электрондық порталы тақырыптық апталықты өткізуге арналған материалдар мен кестені қамтитын базалық ресурс ретінде қарастырылған.
- З. Жамалова мен Ж. Исмаилованың ақпараттық сайты «Адал азамат» бағдарламасы туралы барлық ақпаратты біріктіріп, студенттер мен оқытушыларға арналған ыңғайлы цифрлық кітапхана ретінде қызмет етеді.
- В. Рыженко, В. Чичмаренко, Н. Зимонин және А. Гибатдиновтың цифрлық тәрбие платформасы оқу материалдарын, ойындар мен медиаконтентті біріктіріп, тәрбиелік жұмыстың жүйелі тәсілін ұсынады.
- Г. Жусупова және А. Уткельбаеваның «Адал азамат: адалдық өзімнен басталады» тақырыптық аптасы визуалды материалдар мен интерактивті іс-шаралар арқылы студенттер бағдарламаның негізгі тақырыптарын терең түсінеді.
- О. Воробьева мен К. Айпергенованың «Адал Азамат болу» интерактивті тренингі қатысушыларға ойындар мен кейс-талқылау арқылы азаматтық ұстанымын қалыптастыру жолынан практикада өтуге мүмкіндік береді.
- Д. Богомолова және Р.Еркенбаеваның «Adal Azamat Joly» және «ADAL-BOX» жобасы оқушыларда этикалық құндылықтарды қалыптастыру үшін педагогтер сыныпта пайдалана алатын, оқу-квест пен интерактивті материалдар жинағын қамтитын әдістемелік тұрғыдан сындарлы кешен болып табылады.
- Ж. Уалиева, Е. Мужикова, Д. Симонович және Р. Середкинаның «Адал Азаматтың 6 кілті» үстел ойыны күрделі этикалық мәселелерді бірге талқылауға ықпал етеді, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытады және қарым-қатынас шеберлігін нығайтады.
- Ю. Хазиева, С. Темирова, Г. Солтанова және А. Омарованың интерактивті электронды кітабы кез келген педагог үшін нағыз қазына. Бұл жарық және әдемі электронды кітап мұғалімге қажетті барлық материалды өз ішіне топтастырып, интерактивті элементтер оны сабақ өткізу үшін құнды және дайын құрал болып табылады.
- А. Курманова, А. Ташимова және М. Садвакасовамен әзірлеген «Адал Азамат» фестивалі білім беру, шығармашылық және интерактивті форматтарды біріктіретін ауқымды іс-шара ретінде болуы мүмкін.
- А. Богдан, Ю.Могильная, Ф. Ахмет және В. Мамизеревтің қорытынды бейнеролигі барлық жобаны біріктіріп, олардың идеяларын жарқын визуалды түрде ұсынды.
Ұсынылған жобалардың көптүрлілігі студенттердің азаматтық жауапкершілігі мен шығармашылық әлеуетін айқын көрсетеді. «Адал азамат университетте» жобасы тек академиялық тапсырма емес, болашақ педагогтердің кемелдікке, жауапкершілікке және креативтілікке ұмтылысының нақты дәлелі болды. Жобалардың презентациясы: біздің университет қабырғасында адалдық пен азаматтық ұстаным өмірлік ұстанымына айналған жаңа буын қалыптасып келетінін растады.




