Перейти к содержимому страницы.

АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ-ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

10.08.2023

Бүгін-Абай күні! Бұл 2020 жылы ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойының құрметіне бекітілгені белгілі. Содан бері ақынның шығармашылығын кеңінен насихатттау, дәріптеу мақсатында түрлі шаралар өткізіліп келеді. Бүгін осы атаулы күнге орай Марғұлан университетінің ректоры Жанбол Жилбаев Абай Құнанбайұлының ескерткіші алдына гүл-шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Жиынға облыс әкімі Асайын Байханов және өңірдің зиялы қауым өкілдері де қатысты.

Абай атамызды бүкіл алаш көсемдері мойындады. Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақтың бас ақыны» деген баға берсе, Мағжан Жұмабаев «Хакім Абай» деп өлең арнады. Сондай-ақ, ақынның шығармашылығы әлемнің 30-дан астам тіліне аударылды. Міне осы арқылы бүкіл әлем қазақ мәдениеті мен әдебиетін танып үлгерді.
Бүгінгі таңда Марғұлан университетінде «Абай орталығы» жұмыс істейді. Онда ақынның шығармашылық мұрасын кейінгі ұрпақтың санасына сіңіру, өлеңдері мен Қара сөздерінің мән-мағынасын түсіндіру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Одан бөлек Абайтану курстары мен сабақтар да тұрақты жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса беретін болады.