Перейти к содержимому страницы.

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ШАРА

07.02.2020

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, философ, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханаДА Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды. Алғашқы сөз кезегін Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әділбек Дәуітбекұлы Әміренов, қысқаша ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті. ПМПУ қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің қызметкері Бәкіжан Кәкім және Студенттік филармония маманы Бахатхан Оразбек Абайдың өлеңдерін оқыды. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, тілі, рухы берілген. Ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абай Құнанбайұлының ой-тұжырымдары әрқашанда рухани азық бола алады. Сонымен қатар ПМПУ колледж студенттері Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқыған Лувсан Бекзат пен Силамхан Дидар. «Көзімнің қарасы» әнін орындаған ПМПУ студенті Мизан Жұмәлі. Кітап көрмесін жүргізген Е. Бекмаханов ғылыми кітапхана директорының орынбасары Қ. Толеубаева. Оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып және Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқуға және осындай игі бастамаға белсене атсалысуға шақырды. Қорытындылай келе, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Абай – қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер».

 

ЫА

 

РРП

 

ВПЫР

 

РТВАЫР