Перейти к содержимому страницы.

А.Х. МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ MARGULAN UNIVERSITY-НЕ КЕЛДІ

27.02.2023

Бас директоры Ақан Оңғарұлы бастаған А.Х.Марғұлан атындағы археология институтының делегациясы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетіне іс-сапармен келді.

Қонақтарды Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Жанбол Жилбаев, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Бауыржан Есенгелдин, Margulan Centre орталығының директоры Тимур Смағұлов қарсы алды.

Одан әрі Археология институтының делегациясы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Margulan Centre ғылыми-зерттеу кешенінде болды. Кездесу барысында орталық директоры Тимур Смағұлов қонақтарды Марғұлан орталығының ғылыми-зерттеу зертханаларының соңғы жылдардағы жұмыс нәтижелерімен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша ғылыми ұйымдардың басшылары археология және ежелгі тарих саласындағы бірқатар бірлескен жобаларды өткізу туралы келісті және ынтымақтастықтың келесі кезеңі ретінде Margulan Centre зертханалары меңгерушілерінің А. Х. Марғұлан атындағы археология институтына сапарында ұсынылатын болды.

Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты Қазақстан Республикасындағы археологиялық зерттеулерді үйлестіруші орталық болып табылады. Институт қызметінің негізгі бағыттары археология саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді қамтиды. Палеолит дәуірінен орта ғасырларға дейінгі археологиялық мәдениеттер мен ескерткіштерді кешенді зерттеу негізінде Қазақстан аумағындағы тарихи процестің заңдылықтарын зерттеп, іргелі ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарының жоспарларын әзірлеп жүзеге асырады.

Институттың ғылыми қызметінде тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін есепке алу, сақтау және пайдалану, институт қызметінің бейіні бойынша ғылыми сараптаманы жүзеге асыру ерекше орын алады.