ПРОФЕССОР ТҰРСЫН САБИРОВ - 70 ЖАСТА!
25.02.2022
Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінде биыл 70 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған профессор Тұрсын Сабировқа құрмет көрсетілді.
Ғалым 2004 жылдан бастап Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының информатика кафедрасының негізін қалаушы және меңгерушісі болды.
2010 жылдан бастап Павлодар педагогикалық университетінде Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің профессоры болып жұмыс істейді.
Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы Ермек Ғабдуллиннің айтуынша, Тұрсын Сабырұлы дәрістерді жоғары ғылыми-әдістемелік, практикалық деңгейде жүргізіп, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Профессор Павлодар Ертіс өңіріне және Қазақстан Республикасының басқа аймақтарына 50-ден астам магистрді дайындады.
«Профессордың дәрістері жоғары кәсіби деңгейде өтуде, өйткені ғалым жұмысында өзінің бай өндірістік тәжірибесіне сүйенеді. Тұрсын Сабырұлының сабақтарында ерекше мейірімділік, педагогикалық талапшылдық, өзара көмек көрсету атмосферасы қашанда үстемдік етеді. Бұл студенттердің оқу материалын берік меңгеруіне оң мотивация беріп, болашақ ұстаздардың қалыптасуына ықпал етеді», - деді Ермек Серікұлы.
Ғалым ретіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары: заманауи университетте, мектепте ақпараттық технологияларды оқытуды жетілдіру; жоғары білім беру үдерісінде болашақ мұғалімдердің теориясы, практикасы, талдау және бағалау; студенттер мен магистранттар арасында кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негіздері мен технологиялары.
Сабиров Т.С. 100-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің, 5 оқулық пен 4 оқу-әдістемелік құралдың авторы.