Перейти к содержимому страницы.

7 МЫҢНАН АСТАМ СТУДЕНТКЕ ЖАТАҚХАНАДА ТҰРҒАНЫ ҮШІН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

16.08.2023

7 мыңнан астам қазақстандық студент алғаш рет жатақханада тұру үшін өтемақы алады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Азаматтардың жекелеген санаттары үшін еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқу кезеңінде тұру үшін өтемақы төлеуді көздейтін әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Өтемақы мөлшері жылына 29 АЕК – 100 050 теңгені құрайды.

Барлығы 7145 адам өтемақы алады. Оның ішінде 4651 оқушы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. Тағы 2494-і мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалар.

Өтемақы осы жылдың қыркүйек айынан бастап төленеді бастайды.