№7 ЖББМ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІМЕН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
24.01.2023
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі «Тарих» білім беру бағдарламасының сарапшы-оқытушылары Гүлнар Құрманғазина мен Гүлмейрам Рақышева Павлодар қаласы №7 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары арасында мамандық таңдау бойынша кәсіби бағдар беру іс-шарасын өткізді.
Мектеп түлектерімен кездесу кезінде педагогикалық университеттің болашақ суденттер үшін мол мүмкіндіктері, тарих мамандығы және оған түсу талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Мектеп түлектеріне «Тарих» білім беру бағдарламасының МТ-11 тобының студенттері Нурбай Дәулет пен Кәрімжан Әлкей ұстаздық мамандықты таңдау себебін, студентік өмірдің қызықты шақтарын, қоғамдық және ғылыми жұмыс бағытындағы жетістіктерімен бөлісті. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.