«500 ҒАЛЫМ: БОЛАШАҚ СТИПЕНДИАТТАРЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ»
23.06.2025
2025 жылдың 16-20 маусымы аралығында Марғұлан университетінің қосымша білім беру институты Финляндияға барған әріптестердің тәжірибе алмасу апталығын ұйымдастырып, сәтті өткізді. Бұл мазмұнды және өнімді апта біліктілікті арттыру мен оқытушылар арасында озық тәжірибе алмасуға арналды, фин тәжірибесін білім беру процесіне енгізуге ықпал етті.
Әдістемелік аптаның жалғасы ретінде, бүгін, 2025 жылдың 23 маусымында, Марғұлан университетінің қабырғасында «500 ғалым: Болашақ стипендиаттарының тәжірибесі» атты семинардан өтті.
Семинарда «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары – Байдалинова Б., Анафина А., Джакина А. және Тайчик Ж. сөз сөйледі. Олар АҚШ және Германияның жетекші университеттеріндегі тағылымдамадан алған құнды тәжірибелерімен бөлісіп, шетелде меңгерген негізгі білім мен дағдыларды Қазақстандағы кәсіби қызметте практикалық қолдануға ерекше назар аударды.
Семинар стипендиаттар мен университет оқытушылары арасында қарым-қатынас орнатуға және тәжірибе алмасуға арналған тамаша пікірталас алаңы болды. Бұл тек байланыстарды нығайтып қана қоймай, қазіргі ғылыми тенденцияларды талқылауға, сондай-ақ білім және ғылым саласында «Болашақ» бағдарламалары бойынша одан әрі оқыту перспективаларын қарастыруға мүмкіндік берді.
Оқытушылар үшін мұндай тәжірибе алмасу семинарлары өте бағалы болып табылады. Олар әлемдік білім беру және ғылыми практикалар туралы ақпарат алуға, өз жұмыстарында озық әдістемелерді бейімдеуге және халықаралық ынтымақтастықтың табысты мысалдарынан шабыт алуға мүмкіндік береді. Мұндай шаралар кәсіби өсуге ынталандырып, көзқарасты кеңейтіп, университеттің оқу процесіне және ғылыми зерттеулеріне инновацияларды енгізуге ықпал етеді.
Спикерлер университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының осындай бағдарламаларға қатысуының маңыздылығын атап өтті. Олардың пікірінше, мұндай мүмкіндіктер қазақстандық ғалымдар мен мамандарға әлемдік деңгейге шығуға және алынған білімдерін елдің игілігіне қайтаруға мүмкіндік береді.