360 ОҚУШЫ ЕКІНШІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ
28.03.2025
Бүгін Марғұлан университетінде 11-сынып оқушыларына арналған дәстүрлі 11-ші пәндік олимпиаданың екінші кезеңі өтті. Оған 360 оқушы қатысты. Олимпиада табиғи ғылымдар пәндері: физика, математика, химия және биология бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде 470 қатысушы өз күштерін сынады.
Олимпиаданың қатысушыларын Марғұлан университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы құттықтап, осындай конкурстардың дарынды оқушыларды анықтау мен қолдаудағы маңыздылығын атап өтті. Бұл тек білімдерін көрсету ғана емес, сонымен қатар университетте оқу үшін гранттар мен жеңілдіктер алу мүмкіндігі.
Олимпиаданың жеңімпаздары Марғұлан университетінің ректорының білім гранттарына ие болады, ал жүлдегерлер оқу ақысына 50% және 25% жеңілдіктер алады.