2022 ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
29.12.2022
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті 2022 жылды қорытындылап, марапаттау рәсімін өткізді. Биылғы жыл біздің университет үшін ерекше жыл десек артық айтқандығымыз емес. Себебі, ұстаздар ордасы өзінің 60 жылдың мерейтойын кең көлемде атап өткен болатын.
Бүгінгі салтанатты жиын барысында білім мен ғылым саласының дамуына үлкес қосып жүрген бірқатар мамандар ҚР Ңылым және жоғары білім министрінің «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен», Павлодар қаласы әкімінің марапаты сонымен қатар, Павлодар облыстық Мәслихатының алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, шәркірт тәрбиелеу жолында адал қызмет етіп, білім ордасының қоғамды өміріне белсене араласқан азаматтар мерейтойлық медальмен де марапатталды.
Өзінің құттықтау сөзінде ректор Жанбол Жилбаев университеттің өткен оқу жылындағы негізгі жетістіктеріне қысқаша тоқталды. Университет үшін өтіп жатқан мерейтойлық жыл жарқын және қызықты оқиғаларға толы болды. ЖОО-нің 60 жылдық мерейтойына орай ғылыми орта мен қалың жұртшылық арасында көптеген мазмұнды шаралар өткізілді. «Мұндай жоғары нәтижелерге бүкіл ұжымның еңбегінің арқасында ғана қол жеткізілді. Бірлескен күш-жігер арқылы 2023 жылы бұдан да жоғары жетістіктерге жететінімізге сенімдімін», - деді Жанбол Октябрьұлы.
Өткен жылға өкпе жоқ. Жаңа 2023 жыл берекелі, мерекелі жыл болсын! Тамырын тереңге жайған киелі қара шаңырақ қарыштап дами берсін!