Перейти к содержимому страницы.

2020 ЖЫЛДЫҢ ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР МАУСЫМЫ: ЖАҢА АШЫЛУЛАР КҮТЕМІЗ!

09.06.2020

Осы жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Margulan Centre ғалымдарының далалық археологиялық зерттеулері Алтын Орданың 750 жылдығына арналған. Зерттеу аумағы Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтиды. 

Негізгі археологиялық қазбалар Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы Сілеті өзені жанындағы Қызылоба кесенесінде, Екібастұз өңірінде орналасқан Әулиекөл археологиялық кешенінде және Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы Жантай шатқалында жүргізілетін болады.

Далалық зерттеулер маусымы ашық, алдымызда ұзақ жолдар, ежелгі ескерткіштер, экспедициялық өмірдің өзге де атрибуттары күтіп тұр. Әр  уақытта білімді толықтырып, біліктілікті арттыратын және жаңа, құпиялы да қызықты ашылулар мен бірегей олжаларға қол жеткізетін үлкен нәтижелер күтілуде.

Біздің археологтарға олардың оңай емес жолында табыстар тілейміз және жаңа жаңалықтарды күтеміз!

polevoi sezon

polevoi sezon2

polevoi sezon3