№17-МЕКТЕБІНДЕГІ ӨТКЕН ПАТРИОТТІК САБАҚТАР
05.09.2022
Павлодар қаласы №17 орта мектебінің 9-11 сыныптарында білімге құштарлық, еңбексүйгіштік пен патриоттық» тақырыбында республикалық сынып сағаты өтті. Шара қонағы «Тарих» білім беру бағдарламасының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, Павлодар педагогикалық университетінің доценті Абдрахманов Бауыржан Нариманұлы және Педагогика жоғары мектебінің докторанты Мухаметқайыров Арсланбек Ерболатұлы болды. Табысты ғалымдармен кездесуді сынып жетекшілері Дандина А.Х., Омарова А. Е., Талипова Г. Е., Габдулина М. А. ұйымдастырды.
Кездесу барысында ғалымдар оқушыларға Дүниежүзі тарихы курсынан білімнің әрбір адам үшін маңыздылығы туралы нақты мысалдар келтірді. Өздерінің жеке үлгісінен олар өмірде жеңістер мен үлкен жетістікке жету жолдарын көрсетті.
«Кездесу түлектер үшін өте пайдалы болды және оөушылар патриоттық сезімін, құндылықтар жүйесін, адамгершілік нұсқауларын қалыптастыруға ықпал етті. Осындай кездесулер болашақ ұрпақтың өмір жолына бағыт-бағдар беріп, дұрыс шешім қабылдауына септігін тигізеді деп ойлаймын», - дейді сынып жетекшісі Айжан Хасанқызы.