12 ОҚУШЫ МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
10.01.2024
Бүгін Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында 62-ші облыстық пән олимпиадасының жабылу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова қатысып, барша жеңімпаздарды құттықтады. Ал марапаттау шарансының ең маңызды кезеңі ол – олимпиада жеңімпаздарына университеттердің грантын татбыстау рәсімі болды.
Атап айтсақ, білім бәсекесінде үздік нәтиже көрсеткен 12 оқушы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің гранттарын жеңіп алды. Атаулы гранттарды Марғұлан университетінің басқарма төрағасы-ректордың міндетін атқарушы Жанбол Жилбаев табыстап, білімпаз жастардың болашағына сәттілік тіледі.
Марғұлан университетінің гранттарына ие болған 12 оқушының екеуі математика, екеуі физика пәні бойынша қатысқан болса, басқалары биология, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақстан тарихы, химия, география, информатика пәндері бойынша бақ сынаған оқушылар. Болашақта аталған оқушылардың барлығы Ертіс-Баян өңірінің ұстаздар ордасы – Марғұлан университетін таңдап, еліміздің білімі мен ғылымына өз үлестерін қосады деп сенеміз.