Перейти к содержимому страницы.

11 АҚПАН – ҒЫЛЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ҚЫЗДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

11.02.2026

Бүгінде университетте ғылыммен айналысатын 200-ге жуық әйелдің қатарында 7 ғылым докторы, 45 ғылым кандидаты, 28 PhD докторы және 80-нен астам магистрант бар.

Марғұлан университетінің ректоры – Ержан Әмірбекұлы Марғұлан университетінің әйел ғалымдары 20-дан астам ғылыми жобаларға белсенді қатысып, онда ҚР ҰӘМ гранттары мен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы, Erasmus + халықаралық жобалары, шаруашылық келісімшарттық және ЖОО-ғы зерттеулермен айналысатынын айтуда. 

Атап өтерлік жетістіктердің бірі — Қазақстанның дарынды балаларын дамыту мақсатында педагог кадрларды даярлаудың кешенді ғылыми-инновациялық жүйесін құру жөніндегі ірі жобада жеңіске қол жеткізді. Аталмыш жобаның жалпы сомасы 3 миллиард теңгені құрайды, оны іске асыруға 50-ден астам әйел ғалым қатысты.

Қазіргі таңда әйелдер ғылымға үлес қосумен қатар беделді болашақ педагог мамандарын даярлауда.