БАТЫС АЙМАҚТАРЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЙЫ 10 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ
07.06.2022
Биылғы жылы «Халықтың тығыз орналасқан және батыс өңірлерінің жастарының жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған мақсатты білім беру гранты» атты 10 000 білім беру грантының жаңа түрі бөлінді.
Гранттың осы түріне арналған байқауға Маңғыстау немесе Атырау облыстарының түлектері қатыса алады.
Бұл конкурсқа қатысу үшін 2022 жылғы түлектерде 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ сертификаты болуы керек.
Маңғыстау немесе Атырау облыстарынан келген өтініш беруші өтініш берген кезде мынаны көрсетеді:
- білім беру бағдарламаларының төрт тобы;
- «Атырау-Маңғыстау» нысаналы грантына бойынша мемлекеттік тапсырыс орналастырылған әрбір білім беру бағдарламаларының тобы үшін төрт түрлі өңір. Бұл жағдайда аймақты қайталауға болмайды.
Сонымен қатар «Атырау-Маңғыстау» нысаналы гранты бойынша қатысушы тұлғалар жалпы байқауға, оның ішінде «Серпін» бір мезгілде қатыса алмайды.